Пікірлер

Мақала көңілге сенім ұялатып, жігерлендірді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын бастан-аяқ оқып шықтым. Елбасы әдеттегідей алда тұрған міндеттерді әдемі жіктеп айтып берді.

–Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

Елбасы мақаласы арқылы індетке байланысты алаңдап отырған халқының бүгіні мен болашағын тереңінен ойлап,  бұл жолы да кеңінен пішкен кемелділігін танытты. Елімізді биік белестерге жетелейтін мақсаттарды айқын көрсетіп берді. Қиын шақта әрбір азамататының індетті жеңіп, өз арманына қол жеткізе алатынына деген сенім ұялатып, жігерлендірді.

Өткен жиырмасыншы ғасырдың небір нәубеттерін көп көрген, заманның соқтықпалы да соқпалы жолдарынан өтіп, мың өліп, мың тірілген  елімізге келген бұл сынақтан сүрінбей өту үшін бірілк керектігін жеткізді. Талай дәуірді бастан өткеріп, заманның суығы мен ыстығына, дауылы мен боранына төзіп, бүгінге жеткен еліміздің айтулы мақаладан алар тағлым мол.

Серік ПІШЕНБАЕВ,

қалалық мәслихаттың депутаты,

Балқаш медициналық колледжінің директоры.

Басқа материалдар

Back to top button