Пікірлер

Қарағандылықтар Елбасыға саулығын тілеп, хат жолдауда

Қарағандылықтар ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа саулық тілеп, ақжарма лебізін жолдауда.

Жолданған хатта Қазақмыс компаниялар тобының қырық мың еңбек ұжымы, кеншілер, кен байытушылар мен металлургтер Елбасына нық сенім мен күш-қуат тіледі.

«Елбасы, тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз! Қазіргі күрделі жағдайда, коронавирус инфекциясымен күресте мемлекеттік бастамаларға белсенді қатысамыз.

Қазақмыс жұмысшылардың денсаулығын қорғап, өндірістің жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады. Сіз секілді рухы күшті адам, бұл сынақты жеңе алады деп сенеміз!» делінген хатта.

Сондай-ақ, Елбасы еңбек жолын бастаған Қарағандының өнеркәсіптік кәсіпорындарының жұмысшылары да Н.Назарбаевқа саулық тіледі.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды өңіріне әрдайым жылы көзқараспен қарап, ерекше қамқорлық танытады. Тұңғыш Президентіміз күрделі сынақтардан еш қиындықсыз өтті. Індетті де жеңетініне сенімдіміз», – деді қарағандылықтар.

Тұңғыш Президентке денсаулық тілеген жеделхаттарды «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «Қазмарганец» КБ, «Sary Arka Copper Processing» ЖШС, «Алтыналмас» АҚ, «Коунрад Мыс компаниясы» ЖШС, «Алтай Полиметаллы» ЖШС, «Гефест» ГК, «ГК SAT KOMIR» АҚ және басқа да компаниялардың ұжымдары жолдады.

Басқа материалдар

Back to top button