Пікірлер

Байыпты баға – лайықты шешім

Індет елімізде бірқатар проблемалардың бар екенін көрсетті. Олардың бірқатары – медицина саласында. Төтеден келген бұл жайт денсаулық сақтау инфрақұрылымындағы олқы тұстарды жоспарлы түрде шешу қажеттігін алдыға тартты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінді отырысында осы жайттарға кеңінен тоқталды.

«Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің, өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті» деген Президент алдағы 5 жылда мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерін медициналық техникамен 100 пайыз қамтамасыз ету қажеттігін айтты.

Бұл әсіресе коронавирус инфекциясымен күресте аса маңызды. Әрі күзде індеттің екінші толқыны болуы мүмкін деп болжам жасалғанда, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін қолға алынатын ауқымды шаралар еліміздің медицинасын сақадай сай етуге ықпалы тиетін болады.

Әсел ТҰЯҚОВА,

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button