Ықыласым шексіз

Қиын кезеңде халықтың жағдайын ойлап, қаражатсыз қалмасын деп, төтенше жағдай кезінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға да әлеуметтік жәрдемақы тағайындауды ұмытпаған мемлекетке ықыласым мен алғысым шексіз.

Төтенше жағдай жарияланғанға дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатында болған едім. Карантинге байланысты тұтынушы болмағандықтан, табыс түсімі тоқтады.

Ертеңгі күнім үшін, отбасым үшін алаңдаушылық танытып, сергелдеңге түс кендей болғанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар да осы жәрдемақыға ие бола алатынын мәлімдегені көңілімді серпілтті.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, былтырдан табыс салығын, тиісті әлеуметтік төлемдерді төлеп келе жатқандықтан, маған 42 500 теңге жәрдемақы алуда еш кедергі болған жоқ. Өтініш беру жолы да жеңілдетілген. 

Халқының қамын ойлаған мемлекетіме мың алғыс!  

Татьяна ТУДВАСЕВА,

жеке кәсіпкер.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.