БілімҚарағанды

Онлайн оқыту – оң шешім

Елде төтенше жағдай режимі жарияланысымен барлық білім ордасы қашықтықтан оқыту тәсіліне көшті. Сол бір уақытта мектеп ұжымы онлайн режимін тиімді қолданып, шәкірттеріне білім беруді оңтайлы жүзеге асыра білді.

Ұстаздың алдында отырып, тақтадағы сызбаларды көзбен көріп, тыңдағанға не жетсін?! Экран сыртында тамашалаған енді, бір бөлек. Әу баста, барлығы қашықтан оқуды жатсынғаны белгілі. Алайда, уақыт өте үйренісіп кеттік.

Бұған дейін оқушылардың демалыс уақытында педагогикалық шеберлікті арттыру дәрістеріне қатысқанымыз бар. Мысалы, «Bilimland», «DDaryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus» және тағы да басқа ресурстардағы курстардан өттік. Бұрын-соңды қашықтан дәріс беру жүйесінен хабарымыз болса да, талап етілмеген. Алғашқы күндері онлайн сабақ барысында еліміз бойынша техникалық ақаулар орын алғаны бар. Бірақ, өзіміз қатысқан дайындық сабақтарын төтенше жағдай кезінде оңтайлы жүзеге асыра алдық.

Қосымша «Балапан» және «Ел Арна» телеарналарынан аптасына бес күн бойы қағидасы бөлек онлайн сабақтары өткізілді. Мұғалімдер үшін үлкен көмек бұл. Қосымша ұстаздарға арнайы видеодәрістер әзірленген. Телесабақтарды Елордадағы «Назарбаев» Зияткерлік мектептерінің, халықаралық және республикалық жеке мектептердің үздік ұстаздары жүргізгенін бәріміз білеміз. Осы тұста ұстаздар да дәріс берудің жаңа түрімен танысты.

Білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейтінін естігенде қуандық. Интернет провайдерлерімен келісіп шешілген бұл мәселе – онлайнформатта білім алуға икемделген жақсы мүмкіндіктің бірі десек, артық айтқандық емес.

Балғатай ӘБДІҒАЗИЕВ,

15 орта мектептің математика пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button