Теміртауда «синтетика» тәркіленді

Теміртауда есірткі жасырушыдан бір келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Ол «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді.

Теміртауда "синтетика" тәркіленді

Теміртау қалалық Полиция басқармасының есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлеріне қалада белгісіз біреулердің есірткі жасырумен айналысып жүргендігі туралы ақпарат түседі. Аталған ақпарат бойынша жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы сауда орындарының бірінің маңынан 19 және 17 жастағы екі азамат ұсталды. Оларға жүргізілген тінту жұмыстары барысында иісі бар 38 бума ұнтақ зат тәркіленді. Жалпы салмағы 600 грамм. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар «скорость» есірткісі екені анықталды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ұсталған азаматтардың Теміртау қаласындағы ықшам аудандардың бірінде төрт жерге есірткі жасырып үлгергенін де анықтады. Күдіктілер бұндай «жұмысты» әлеуметтік желі арқылы тауып алғандарын мойындаған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз тілшімізден.