Балқашта 10 мектеп жөнделеді

Маусым айынан бастап Балқашта 10 мектеп жөндеуге кірісті. Биыл С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы күрделі жөндеуден өтеді. Қалғандарында желілер, шатыр, қасбет қалыпқа келтіріледі. Осылайша №8 және №1 ЖББМ-де қоршаулар қалыпқа келтіріледі.

Әл-Фараби атындағы № 16 ЖББМ және Абай атындағы № 2 мектеп-лицей шатыры жөнделеді. Біреуінде, сонымен қатар, қасбет жаңартылады. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға арналған мектеп-интернатта 1-қабат жөнделеді. М. Русаков атындағы мектеп-интернаттағы асхана жаңартылады.

№4 ЖББМ-де суық және ыстық сумен жабдықтау, ал, үшінші мектепте жылу беру, Ы. Алтынсарин атындағы №25 мектепте электр желілері жөнделеді.

– Қазіргі уақытта барлық шарттар жасалды. Жұмыс кестесі жасалды. Жөндеу жұмыстары шілде айының соңына дейін аяқталуы тиіс, – дейді Балқаш қаласының білім бөлімі.

Өз тілшімізден.