Жаңалықтар
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады?
Биылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды. Сол себепті желтоқсан айында мерекеге байланысты демалыс күндері азайды.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер – 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады.
Ал 6 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16, 18 желтоқсанда демалады.
Желтоқсанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.