Бас тақырып

«Мектепке жол» акциясы – мыңдаған балаға көмек

Қарағанды облысында «Мектепке жол» ауқымды акциясы аясында жаңа оқу жылында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан 10 мыңнан астам бала көмек алды. Демеушілер мен қайырымды жандар оларға кеңсе заттарын, аспалы дорбалар мен мектеп киімдерін сатып әперді. Кейбір ұйымдар оқуға қажеттісін өздері таңдап алуы үшін отбасыларға белгілі бір сомаға сертификаттар берді, – деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Акцияны жеке және мемлекеттік құрылымдар қолдады. Балаларды мектепке дайындауға компаниялар, кәсіпорындар мен ұйымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының мүшелері қатысты.
Облыстық білім басқармасының ақпараты бойынша, жалпы сомасы 140 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілген. Шілде айында басталған «Мектепке жол» акциясы  қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.
«Мектепке жол» акциясы Қарағанды облысында он жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын оның шеңберінде мыңдаған оқушы көмек алады.

Басқа материалдар

Back to top button