Жаһан бедеріндегі бірегейлік

Өз өмірінің тұрақтылығы мен бойындағы қабілеттерді анықтауға қол жеткізу үшін әр адамның бойында қалыптасқан темірқазық негіздері болуы тиіс. Мұндай жеке және топтық үлгілер болмысын сәйкестендіру немесе адам мен белгілі бір қоғамдастықтың біртектілігі деп атайды. Бірегейлігін біріздендіру арқылы тұлғалар мен қоғамдар өмірлік жоспарын құру тәсілдері мен «мен кіммін?» және «біз кімбіз?» деген сияқты маңызды өмірлік сұрақтарға жауап беру мүмкіндігіне ие болады.

Сәйкестік қоғамдық үлгілер мен құндылықтар негізінде қалыптасады. Яғни, адам қоршаған ортасында қабылданған қағидаттармен өзін теңдестіре жүріп, өздік болмысын қалыптастырады. Тұлға ретінде айқындалып, өзіне лайықты орнын табады. Мәселен, кезекті көріністе ол бір мезетте ер адам немесе әйел, ата-ана яки бала, дос, оқушы, қызметкер және адамның басқа да кейіпте көрінеді. Бірегейлікті қалыптастыру үдерісін анықтайтын үлгілер арасында қоғамдағы ең тартымды, «дұрыс» деп саналатын, еліктеудің негізгі мысалдарына жататын адам бейнелерін ерекше атап өтелік. Мұндай басты мысалдарды шендестіру адамның осы үлгілерге тән сол қасиеттерді дамытуға ұмтылысын қалыптастырады.

Әсілі, әрбір қоғамда тарихи тұрғыда сом тұлғаларға деген сүйіспеншілігін қалыптастыратын адам сенімінің жиынтығы қалыптасады. Ғылымда прототиптер ретінде қарастырылатын адами бейнелердің арасында әмбебап үлгілер мен белгілі бір қоғамдарға, тарихи кезеңдерге тән есімдер бар. Осылайша, қамқор ананың, жауапты әкенің, жақсы баланың бейнелері – барлық қоғамға тән прототиптер. Ал шаруа, жауынгер, саудагер немесе зияткерлік мамандықтар өкілдерінің келбеттері белгілі бір қоғамға тән ерекше прототиптер. Бұл үлгілердің алғашқысы дәстүрлі қоғамдарға тән, бірақ олар біздің дәуірде де өзінің белгілі бір маңыздылығын сақтап қалады. Ал, адам қызметінің ең тартымды үлгілері болып табылатын зияткерлік мамандықтар заманауи қоғамдарда өте жоғары маңызға ие.

Заманауи адамның бірегейлігі дәстүрге абсолютті қарама-қайшы еместігін атап өту ләзім. Ол үшін отбасылық сәйкестендіру, этникалық, конфессиялық, гендерлік және жас ерекшеліктері де маңызды. Бірақ, қазіргі қоғамдағы сәйкестендіру деректері трансформацияға ұшырағандықтан, дәстүрлі қоғамдағы ұқсас үлгілерге сәйкес келмейді. Бұл күнгі адамның өмір үшін қара басының мәнін сақтай отырып, ол сәйкестендірулер күрделі өтті. Әлбетте, мұндай эволюциялық сәйкестік модельдері заманауи адамдарға түрлі ұқсастықтарға ие болуға мүмкіндік береді.

Бірақ, дәстүрлі ұстанымдардың барлық маңыздылығын, қазіргі адам бойындағы бірегейлігін, һәм кәнігі идеялармен теңдестірмей, шендестірмей қарастыру мүмкін емес екендігі айдан анық. Қазіргі заманғы бірегейліктің үлгісі жоққа тән барлық қоғамдарда да өмірлік құндылығы білімді маман болу мақсаты болып табылатын адамдар шоғыры қалыптасып үлгеруде. Қағылездік пен қатаңдығын ескере отырып, адам қалыптасуының дәл осы моделі тарихи тұрғыдан ең көп тарала отырып, қарқынды еңбекке деген дәстүрлі көзқарастар жиынтығын біріктіреді һәм қоғамдық ұстаным қалыптасады. Бұл өз тарапында бірегейліктің белең алуымен бірге адамды қолда бар күш-жігерді ұдайы өндіруге емес, үздіксіз білім беру арқылы және өзінің кәсіби қабілеттерін жетілдіру арқылы тұрақты дамытуға жұмылдыруға итермелейді.

Қазіргі заманғы бірегейлік жаппай таралған қоғамдарда білім беру мен кәсібилікті дамытудың неғұрлым жоғары деңгейі, соның салдарынан технологиялар мен экономиканы дамытудың биік деңгейі байқалады. Керісінше, қазіргі заманғы бірегейлікті жаппай тарату үшін қауқарсыз қоғамдарда адамдардың жеке және қоғамдық даму бойынша қазіргі талаптарға сәйкес келуіне байланысты тұрақты проблемалар орын алады. Сондықтан, егер, біз өмір сүру деңгейі жоғары жаңартылған инновациялық елге айналғымыз келсе, онда өз бірегейлігімізді қазіргі заманғы лекциялар бойынша қалыптастыруымыз керек, яғни, ол ең алдымен, білім беру мен кәсіпқойлықтың құндылықтарына негізделуі тиіс.

Есет ЕСЕНҒАРАЕВ,

Қазтұтынуодағы ҚЭУ экономикалық және зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері.