АймақБас тақырып
29 маусымнан бастап Қарулы күштерде кешенді оқу-жаттығулары өтеді
29 маусым мен 2 шілде аралығында Қазақстан Қарулы күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде әскерді жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейіне келтіру бойынша кешенді саптық оқу-жаттығулары өтеді.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығулар әскери қызметшілер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін жетілдіруге бағытталған. Іс-шаралар негізінен әскери бөлімдер мен оқу полигондарының аумағында ұйымдастырылады.
Осыған байланысты әскери техниканың қозғалысы күшеюі мүмкін. Сондай-ақ кейбір бөлімшелердің оқу полигондары мен оқу орталықтарына жоспарлы марш жасауы себепті өңірлердегі жекелеген автожолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуі ықтимал.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



