UncategorizedРуханият

Шекарасыз ел болмас!

Ел тарихының тамыры тереңде. Соның ішінде, Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы ел тарихындағы басты оқиғаның бірі. Биыл оның құрылғанына және Қазақ жерінің шекаралық аумағының бекітілгеніне – 100 жыл толып отыр.

Шекараны шегендеу барысында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастап, жас болса да, білімі теңіздей терең сұңқар Әлімхан Ермеков қостаған Алаш арыстары жеріміздің шекаралық аумағын нақтылап, бекітіп алған-ды. Көзінде өңменіңнен өтер оты бар жоғарғы санатты математик Әлімханның Ленинмен әңгімелескені туралы талай аңыз да бар ел арасында.

Айтулы қос мереке құрметіне орай Қарағанды қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 орта мектебіне өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесінің директоры Айтбай Жұмағұл келіп, Әлихан атындағы зал мен мұражайды аралады. Кездесу соңы шағын сұхбатқа ұласты. Алаш арыстары туралы құнды деректер айтылды. Мектеп оқушылары көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button