Руханият

Ата Заңға құрмет – елге құрмет

Қазақстан Республикасының Конституциясы «Біз, Қазақстан халқы…» деген сөздерден басталады. Негізгі Заңның осы үш сөзінде біздің басты құндылығымыз – еліміздің көпұлтты халқының бірлігі көрсетілген. Отан осы сөздерден басталады!

Әрқайсымыз үшін Отан – отбасы, туған үйіміз, туған жеріміз. Ата-бабамыздың теңдессіз ерлігіне, Ұлы даңқ пен мақтанышына, олардың сенімі мен Отанға деген сүйіспеншілігіне толы біздің сан ғасырлық тарихымыз осы шексіз кеңістікте құрылды.

Отан сезімі барлық уақытта Қазақстан халқына қиыншылықтан өтуге, қатал қауіп-қатерге төтеп беруге және өздерін сақтап қалуға, кез келген сынаққа жауап беруге көмектесті.

Бұл жолы да солай болады: коронавирус пандемиясын жеңіп, жасампаздық пен дамуда жаңа жетістіктерге жетеміз, бұрынғыдан да күшті және қуатты ел боламыз.

Эпидемиядан, COVID-тен кейінгі басты мәселе — экономиканы қалпына келтіру, әр отбасының молшылығын арттыру. Ендігі жерде, адамдардың проблемаларына бұрынғыдан да мұқият болу қажет, сондықтан әркім жұмыс істей алатын, ақша табатын және жақсы істерге жағдай тудыру керек.

Осы жыл еліміз үшін күрделі болды, ол оқиғалар, әрине, облыстық мәслихаттың қызметіне өз ізін қалдырды. Дегенмен, алтыншы шақырылымның өкілетті органы жоспарлы жұмысын жүргізуде. Мәслихат қабылдаған әрбір шешім Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалады.

Облыстық мәслихат “Облыстық бюджет туралы” шешім қабылдайды және қажеттілігіне қарай оған өзгеріс енгізіп отырады.

Облыстық бюджеттің негізгі сипаттамасы әлеуметтік бағытта болып қала береді: шығыстың 50%- дан астамы бұрынғысынша білім беруге, денсаулық сақтауға, жастар саясатына, халықты әлеуметтік қолдауға бағытталған. Облыстық бюджеттің барлық нақтылаулары, ең алдымен, қалыптасқан үнемді қайта бөлуге және қаражатты, әсіресе коронавирус пандемиясы жағдайында, бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағыттаумен байланысты жүргізілді.

Сессияларда қаралған басты мәселелер: Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, тұрғын үй-коммуналдық және жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту, тиімді әлеуметтік саясат жүргізу бойынша облыста қабылданып жатқан шаралар төңірегінде болды.

Осы және басқа да көптеген шешімді қабылдау мәслихат қызметін тиімді жоспарлаудағы, оның ішінде Президент белгілеген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі екені анық.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы шеңберінде де жүргізіледі. Пандемия жағдайындағы дистанциялық жұмыстың күрделілігіне қарамастан, депутаттар облыс тұрғындары үшін аса маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай уақытылы араласуы үшін барлық күш-жігерлерін жұмсады.

Біздің ашықтығымыз сайлаушылармен байланысты күшейтеді. Депутаттардың атына жыл сайын мыңнан астам өтініш түседі. Олардың едәуір бөлігін депутаттардың өздері қарайды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары мәселелеріне арналған депутаттық сауалдар мен өтініштер жолдау құқығы белсенді түрде қолданылады.

Облыстық мәслихаттың қызметі барынша ашық. Азаматтарды хабардар ету мақсатында сессияларда шешім қабылданғаннан кейін оларды облыстық мәслихаттың сайтына орналастыру жүргізіледі. Мұнда әркім мәслихаттың барлық қабылданған нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімімен, сондай-ақ олардың іске асырылуын бақылау жөніндегі ақпаратпен таныса алады.

Депутаттардың сайлаушылармен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру және сайлау округтерімен тұрақты “кері байланыс” қалыптастыру мақсатында облыстық мәслихатта “Депутат күндерін” өткізу тәжірибесі бар. Бұл платформада сапалы орта және кәсіптік-техникалық білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау, экология, халықты әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланады.

Нақты жағдайды білу депутаттарға заңнаманың олқылықтарымен білікті жұмыс істеуге мүмкіндік береді, аймақ халқының әлеуметтік-экономикалық өмірінің ағымдағы және перспективалық мәселелерін шешуге тиімді қатысуға ықпал етеді.

Nur Otan партиясының депутаттық фракциясы белсенді жұмыс істеуде, облыстық мәслихат депутаттары Партиялық бақылау комиссиясы мен партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Қоғамдық кеңесті басқара отырып, маңызды жұмыстар жүргізуде.

Облыстық мәслихаттың бірінші кезектегі міндеті – сапалы шешімдер қабылдау. Екінші міндет – мәслихаттың өкілдік функциясын іске асыру үшін барлық жағдайды жасау. Ал депутаттың басты міндеті: ең алдымен өз сайлаушыларының мүдделерін білдіру арқылы олардың ұстанымын қорғау, сайлаушылардың мәселесін айту. Үшінші міндет – депутаттық бақылау. Бюджеттің, мәслихаттың шешімдері мен қаулыларының орындалуын бақылау.

Жыл сайын біз Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде атап өтеміз. Ол елдің негізгі құқықтық құжатын құрметтегендіктен ғана емес, ең алдымен өз таңдауымызды құрметтеуден, өзімізге деген құрметтен.

1995 жылы 30 тамызда біз құқықтық мемлекет, демократия және бостандық, күшті мемлекеттілік және тиімді экономика үшін дауыс бердік, Қазақстанның болашағын таңдадық. Осы жылдар ішінде қол жеткізген барлық дүние Конституция негізінде және оның әрпі мен рухына сәйкес жасалды.

Жанна ШТЕРГЕР,

облыстық мәслихат депутаты,

Заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button