Руханият

«Абайдан – Алашқа»

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай, Қарағанды қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Абайдан – Алашқа» онлайн-байқаудың қорытындысы шығарылды.

Байқау былтырғы оқу жылының басында қолға алынған. Сайыс талаптары бойынша, мектеп оқушылары өзі жатқа білетін Абайдың қара сөзін мәнерлеп оқып, оған бейнежазба түсіреді. Ақын шығармасының өзектілігін тілге тиек етіп, оны бүгінгі өмірмен байланыстыруы керек. Оны ұйымдастырушылар Инстаграм желісіндегі арнайы парақшаға жүктеп отырған. Байқауға білім бөлімінің әдіскері Гүлназ Бекетқызы мен №8 орта мектептің ұстазы Қайрат Иманбек ұйытқы болыпты.

Сайыс қорытындысында, қатарластарынан қара үзіп келген С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің оқушылары I орынды қанжығаласа, II орынға №12 орта мектебінің оқушылары ие болды. Ал, №17 орта мектептің оқушылары III орынға жайғасты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button