Руханият

Бәсі биік бәсекеде топ жарды

Ел президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ қамқорлығымен өткізілген «Жануарлар – менің достарым!» атты республикалық байқау мәресіне жетті. Аталмыш шараның бас демеушісі Edu Stream компаниясы Youtube парақшасында онлайн марапаттау салтанатын өткізіп, жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Облыс намысын қорғап, көптің ішінен топ жарған 15 жасар Мархаба ӘЛІМБЕКОВА 2 орынды қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар табысталып, бас жүлдеге пандемиядан кейін Вена қаласында өтетін байқауға жолдама берді.

Байқау 1-ші сәуірде басталған. Қазақстанның түкпір-түкпірінен төрт мыңнан астам бала қатысып, жұмыстарын ұсынған. Аталмыш байқау БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында, Білім және ғылым министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, бас серіктес «Edu Stream» компаниясының және «Технодом» мен «Настоящий Буратино» серіктестерінің қолдауымен өтті.

15 жасар Мархаба Абай қаласындағы №14 орта мектебінде оқиды. 2014 жылдан бастап сурет салуға жаны әуес бүлдіршін, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Бұл байқауға ермексаздан жасалған үй ламасының бейнесін жіберіпті.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button