Пікірлер

Президент мәлімдемесі үлкен сенім мен зор жауапкершілік жүктейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ өз Мәлімдемесінде қауіп-қатерге қарамай, мұқтаж жандарға көмек қолын созған волонтерлерге шынайы ризашылығын білдірді. Бұл бізге үлкен сенім мен жоғары жауапкершілік жүктейді.

Мемлекет басшысы «Бүгінгі күні 4 миллион 250 мың азаматқа қаржылай көмек көрсетілді. 570 мыңнан астам адамға азық-түлік таратылды. Жалпы, 1,1 миллионнан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Елбасының бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан қаржы бөлінді.«Nur Otan» партиясы белсенді жұмыс атқаруда», – деп атап өтті.

Бүгінгі таңда «Сарыарқа жастары» волонтерлер штабы «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қолдауы, кәсіпкерлердің нақты жәрдемдесуі негізінде көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызбасты қарияларға, мүгедектер мен басқа да мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп келеді. Олардың жағдайын сұрап, барып тұруды әдетке айналдырдық. Аталған санаттағы жандарға азық-түлік түрлерін жеткізудеміз. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таба береді.

Ерік-жігерді талап ететін волонтерлер қызметін, олардың ерікті еңбегін Президенттің ескергеніне қуаныштымыз.

Биылғы жыл Еріктілер жылы болғандықтан, қоғам үшін қызмет етіп, жақсылыққа ұмтылудан жалықпаймыз.

Дәурен РАХЫМБЕК,

«JasStar» волонтерлік желісінің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button