Жаңалықтар

2018 жылдың 24 желтоқсанындағы Қарағанды облыстық сайлау комиссиясының №1 шешімі

    Қарағанды облыстық, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск, Саран, Приозерск қалалық, Ұлытау аудандық мәслихаттарынан шығып қалған депутаттар орнына сайлау өткізуді тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 101, 113-баптарына сәйкес, облыстық сайлау комиссиясы шешім шығарды:

1. 2018 жылғы 25 наурызға шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өткізу белгіленсін:

– №9 Теміржол сайлау округі, №15 Шығыс сайлау округі бойынша Қарағанды облыстық мәслихаты;

– №12 сайлау округі бойынша Жезқазған қалалық мәслихаты;

– №18 сайлау округі бойынша Теміртау қалалық мәслихаты;

– №7 сайлау округі бойынша Шахтинск қалалық мәслихаты;

– №5 және 13 сайлау округтері бойынша Саран қалалық мәслихаты;

– №1 сайлау округі бойынша Приозерск қалалық мәслихаты;

– №9 Қаракеңгір сайлау округі бойынша Ұлытау аудандық мәслихаты.

2. Қарағанды облыстық, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск, Саран, Приозерск қалалық, Ұлытау аудандық мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізу бойынша Күнтізбелік іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді ұсыну 2018 жылдың 30 қаңтарынан басталып, 23 ақпанында аяқталады.

4. Мәслихаттар депутаттығына үміткерлерді тіркеу 2018 жылдың 4 ақпанынан басталып, 27 ақпанда аяқталады.

5. Күнтізбелік жоспар тиісті өңірлік сайлау комиссияларына жіберілсін.

6. Қалалық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларына мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау кампаниясын қатаң түрде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес өткізу қамтамасыз етілсін.

Е.АЙМАҒАМБЕТОВ,

облыстық сайлау

комиссиясының

төрағасы,

Н.БАТАЛОВА,

облыстық сайлау

комиссиясының

хатшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button