Руханият

Абай өлеңдері – грузин тілінде

Абай рухы әлемді шарлап-ақ тұр. Сөзімізге дәлел, Абайдың шығармашылығымен енді Грузия жұртшылығы да танысады. Бұл жайлы Қазақстанның Грузиядағы елшілігі әлеуметтік желіде жазды.

Елшіліктің мәліметіне сүйенсек, Абайдың өлеңдерін грузиннің белгілі ақыны, Илья Чавчавадзе, Анна Каландадзе жəне Галактин Табидзе атындағы сыйлықтардың иегері, бірнеше өлең жинағының авторы, Грузия Жазушылар одағының басшысы Маквала Гонашвили аударыпты. Абай өлеңдерінің грузин тіліне сəтті аударылуына елшілік кеңесшісі Гүлмира Сұлтаналидің септігі тиіпті. Сондай-ақ, хакім жырлары Грузияның əдеби журналдарында да жарық көре бастапты.

«Тбилисидің бір көшесіне қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абайдың есімі берілетін болды. Тбилиси қалалық жиналысының 2020 жылғы 24 шілдедегі №188 қаулысына сəйкес, Грузия астанасындағы көшеге қазақтың ұлы ақыны жəне ағартушысы Абайдың атын беру туралы шешім қабылданды. Көшенің салтанатты ашылуы жуырда ұйымдастырылады. Сонымен қатар биылғы мерейтой жылы хакім Абай алғаш рет грузин тілінде сөйледі. Елшіліктің қолдауымен Абай Құнанбайұлының өлеңдері грузин тіліне аударылып, өлеңдер жинағы Тбилисидегі «Мерани» баспасынан басылып шықты», – деп хабарлады Қазақстанның Грузиядағы елшілігі Facebook-тегі парақшасында.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button