КоронавирусРесмиТеміртау

700-ден аса нысан тексерілді

Теміртауда күн сайын санитарлық-карантин талаптарының сақталуына мониторинг жүргізетін мобильді топтар өз жұмысын көрсетті. Қалада осындай төрт топ бар. Рейд барысында журналистердің қатысуымен Халыққа қызмет көрсету орталығы, супермаркет және шағын дүкендер тексерілді.

Мобильді топ мүшелері қызметкерлер мен келушілердің бетперделер мен қолғаптарының болуына, антисептикпен жуу құралдарының қорына, температуралық бақылауды есепке алу кітабына назар аударды. Дымқыл тазалау кестесін тексерді.

Рейд мақсаты – тәртіп бұзушылықтың алдын алу. Жұмыс тобы облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын түсіндірді.

– Бүгінгі таңда біз қала бойынша 710 нысанды мониторингпен қамтып отырмыз. Заң бұзушылықтар 24 нысанда анықталды. ҚР ӘҚБтК 462-бабының 3-бөлігі бойынша екі материал сотқа берілді, – деді Теміртау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Мереке Мұқашқалиева. Ең жиі тіркелген бұзушылықтар – бетперделік режимді, қашықтықты сақтамау, міндетті температуралық бақылаудың болмауы.

– Теміртауда мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Біз бизнес өкілдері бас санитарлық дәрігердің талаптарына жауапкершілікпен қарағанын қалаймыз. Эпидемиологиялық жағдай біздің түсінігімізге байланысты. Мобильді топтар аясында және әлеуметтік желілердегі онлайн-парақшаларда ережелерді түсіндіреміз, – дейді кәсіпкерлер палатасы Теміртау филиалының директоры Азиз Оразұлы.

Естеріңізге сала кетейік, мобильдік топтардың құрамына санэпидемиологиялық қызмет мамандары, ӨҚМҚ қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП филиалдарының өкілдері кірген.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button