Зағиптардың жанын жадыратты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қарағанды қаласында ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Бұл шаралар тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау және шағын ауданның эстетикалық келбетін жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.

Мәселен, үстіміздегі қазан айында Методическая көшесі, №17 үй мекенжайы бойынша орналасқан Зағиптар қоғамы кеңсесінің алды асфальтталып, абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Пришахтинскіде орналасқан аталған ғимарат алдындағы аумаққа асфальт төсеумен қатар, ауланы абаттандыру, жарықтандыру, орындықтар және қоқыс жәшіктерін орнату, тротуар жолақтарын жасау жұмыстары жүргізілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ыңғайлы болуы үшін мініп-түсетін жолақ орнату жұмыстары жасалды.

Жөндеу жұмыстарына 8,2 млн. теңге қаражат жұмсалды. Кәсіпкер А.Қуантаев басқаратын «Жібек жолы» ЖШС жобаға демеушілік жасады.

Қарағанды қаласының әкімдігі.