Руханият

«ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталары шығарылады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясымен «ABAI. 175 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

 

Қазіргі жағдайға байланысты монеталарды сату мерзімі кейінірек хабарланады. Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша орналастырылатын болады. «ABAI. 175 JYL» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY ∙ REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар орналасқан. Айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері бар. Төменгі бөлігінде «TEŃGE» жазбасы және күміс монетада монетаның номиналын білдіретін «500» саны және мельхиор мен нейзильбер монеталарында «100» саны бейнеленген. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) Абайдың мүсіндік портрет бейнесі, күміс және мельхиор монеталарда интерференциялық түрлі-түсті бейнелеу технологиясын қолдана отырып орындалған сия құтысының және қаламұштың стильдендірілген бейнесі орналасқан. Портреттің оң жағында – қазақтың киіз үйі (басқұр) декоры түріндегі ою-өрнек таспасы, оның астында Абай Құнанбайұлының туған жылын, 175 жылдығын мерекелейтін күнді және соғылған жылын білдіретін «1845- 2020» деген жазба орналастырылған. Оң жағында – металдың массасын білдіретін «31,1 g» деген жазба бар. Сол жақ бөлігінде ұлттық ою-өрнек элементі, күміс монетада монета дайындалған металды және оның сынамасын білдіретін «Ag 925» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде латын графикасында «ABAI» деген жазба бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button