ЖаңалықтарКоронавирус

Қарағандыда карантин кезінде компьютерлік клуб пен караоке жұмыс істеді

Ереже бұзу фактілерін эпиджағдайды қадағалау үшін құрылған арнайы модильдік топтардың жасаған рейдтері барысында анықталды. Мобильді топтарды үйлестіруді өңірлік жедел штабтың жедел әрекет ету орталығы жүргізеді.

 

Мысалы, тәртіп бұзушылар арасында ішінде караоке бар Қарағандының танымал компьютерлік клубтарының бірі болды. Бұл мекеме карантин кезеңінде компьютерлік және караоке клубтарының қызметіне тыйым салынғанына қарамастан жұмыс істеп тұрған. Бөлмеде 70-ке жуық адам, оның ішінде кәмелетке толмаған балалар болған.

Клуб басшылығы шамамен 640 мың теңге (230 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Келушілерді жауапкершілікке тартпайды.

СЭҚ өкілдері карантин кезінде қызметіне тыйым салынған ойын-сауық орындары мен түрлі клубтарға барғанда жастар өз денсаулығына ғана емес, жақындарының денсаулығына да қауіп төндіретінін еске салады.

Басқа материалдар

Back to top button