Станиславский атындағы театрде Абайға арналған спектакль онлайн көрсетілді

К.С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театрының артистері видеобайланыс бойынша «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал» атты премьералық спектаклін дайындауда. Театр басшысы Дунай Еспаев онлайн-дайындықтың қалай өтіп жатқанын әңгімеледі.

Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арналған спектакльді орыс драма театры осы жылдың басында қоюға шешкен болатын. Қойылым негізі Кеңес Жумабековтың «Знай, потомок, дорогу я для тебя стлал» пьесасы болды.

Басты рөлді Денис Цветков орындады.

— Денистен мен Абайды көрдім. Ол жай ғана актер емес, ол жыршы, яғни оған бұл философия жат емес, — деп Дунай Еспаев атап өтті.

Спектакль «үстел басындағы» форматта дайындалды – рөлдер оқылып, тұжырымдамасы айқындалады, Станиславский жүйесі бойынша қойылым идеясы туралы негізгі сұрақтарға жауап береді.

— Бұл кезеңдегі ZOOM арқылы дайындық әдеттегіден аса ерекшеленбейді. Біз карантин уақытында икемденіп алдық. Мен тіпті камера арқылы актердың энергиясы мен көңіл-күйін сезіне аламын, — деп бөлісті театр басшысы.

Жуыр уақытта әртістер 5-6 адамнан тұратын шағын топтармен театр сахнасында дайындықтарын бастайды.

Әзірге Қазақстанның барлық театрлары карантинге байланысты жабық. Қойылымды жаңа маусымда көрермендер пікіріне көрсету жоспарлануда. Болжаммен, ол Станиславский атындағы театрда 13 қыркүйекте басталады.