Құрметті халайық, соғыс жəне еңбек ардагерлері!
Баршаңызды 10 тамыз – Абай күні мерекесімен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Үкіметі адамзат ақыл-ойының алыбы, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық ұлық мерекесіне осындай шешім шығарып бір қуантып тастады.Терең ойдың иесі Абай хакім ғылым мен білімді насихаттаған Ұлы Ұстаз. «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз» дейді. «Сізге ғылым кім берер, жанбай жатып сөнсеңіз» деп талаптануды уағыздайды. Бұдан 135жыл бұрын жазылса да мағынасын әлі күнге дейін жоймаған ғажап сөздер емес пе?! Қазақтың талай ұрпағы ғасырлар бойы ғибрат ала берері сөзсіз. Ендеше, Абай мәңгілік, оның ілімі де мәңгілік! Абай тойын өркениетті елдердей мұраларын насихаттап, том-том кітаптар,мазмұнды мақалалар, ғибратты телерадио хабарлар, фильмдер шығарып, қарсы алайық! Оның 170 өлеңі, 43 қара сөзі мен хаттары – халқымыздың баға жетпес інжу-маржандары.
Мереке құтты болсын!
Тілеубек ЗЕЙНЕШЕВ,
Қарағанды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.