Жаңалықтар

100 сауалға 100 жауап

89. Ертең барлық медициналық ұйымдар МӘСҚ-пен келісім-шарт жасай алады ма?

Мұндай кепілдікті ешкім бере алмайды. Мысалы, егер бір қалада кардиология бөлімшесі бар үш аурухана жұмыс істесе, онда Қор, біріншіден, қызметтерді сатып алудың ең төменгі стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін, және екіншіден, ең сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсететін, заманауи жабдықтарды, жоғары санатты мамандары бар және пациенттерге үздік жағдай жасайтын медициналық ұйымды таңдауға құқылы.

Осылайша, Қор осы өңірдегі медициналық көмек түрлеріндегі нақты сұраныстарға байланысты денсаулық сақтау объектілерінің желісін оңтайландыруды және шығындарды азайту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында медициналық ұйымдардың ішінде шеберлік-жоспарларды оңтайландыруды ынталандырады.

90. Белгілі тұрғын орны жоқ адамдар (БТЖА) қандай медициналық көмекке сене алады?

Егер бұл санаттың адамдары медициналық көмекке жүгінсе, онда олардың тарапынан Медициналық сақтандыру қорына аударымдары жоқ болса, олар тегін кепілдендірілген көмек шеңберіндегі медициналық көмекті алуға құқықтары бар.

2020 жылға дейін нәтижесіз жұмыспен қамтылған халық үшін бұл пакетке амбулаториялық-емханалық және амбулаториялық-дәрілік көмек кіретін болады.

91. Мамандандырылған медициналық көмекке және жоғары мамандандырылған медициналық көмекке (ММК-ке және ЖММК-ке) баға белгілеу қаншалықты өзгереді?

Мамандандырылған медициналық көмекке және жоғары мамандандырылған медициналық көмек тарифтері, есептеудің халықаралық практикасын ескере отырып, клиникалық-шығындық топтардың негізінде жетілдірілетін болады.

92. Пациенттер басқа аудандарға жүгінетін болса, Бекітілген халықтың тіркелімі (бұдан әрі – БХТ) рөл ат­қарады ма?

Пациенттерді ағымдағы бекіту және босату ережелеріне сәйкес, пациенттер бекітілу орнын мынадай жағдайларда ауыстыра алады:

Тұрақты немесе уақытша тұрғын орны, бір әкімшілік- аумақтық бірліктен тыс жұмыс немесе оқуы ауысқан кезде;

Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымын қайта құру немесе тарату кезінде;

Азаматтың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауы кезінде жылына бір реттен жиі емес;

Жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін халықты медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымына тіркеу бойынша өткізілетін кампания кезінде.

Егер пациент басқа өңірлерге жүгінсе, бірақ басқа өңірде тіркелсе, оған тек шұғыл көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, тіркелмеген азаматқа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдардың арасында өзара есеп айырысуды іске асыру жоспарлануда.

93. ММ меншік нысаны бар медициналық ұйымдар қалай қаржыландырылады және шаруашылық жүргізу құ­қығына (ШЖҚ) ауысу қажеттілігі бар ма?

Медициналық көмек көрсету бойынша қызметтерді сатып алу ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы ұйым – мемлекеттік мекеме үшін жүзеге асырылуы мүмкін емес. Осыған байланысты ұйымдастырушылық-құқықтық нысанын өзгерту қажеттілігі бар.

Сонымен қатар, медициналық ұйымдарды ұйымдастырушылық-құқықтық нысанға – шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік кәсіпорындарға ауысуы медициналық ұйымдарда басқару мен менеджменттің жаңа корпоративтік тәсілдерін енгізуді ынталандыруға көмектеседі (дербестікті дамыту).

94. Егер, жергілікті пациенттер өз қалауы бойынша Алматы қаласының медициналық ұйымдарын таңдаса, онда аудандық ауруханалармен не болады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезінде қолданыстағы медициналық ұйымдарды ерікті таңдау тетігі және «сапалы емге қомақты қаржы» принципі сақталады. Бұл жағдайда, Алматы қаласында көмек көрсетілетін пациенттер үшін Қор көмек көрсеткен медициналық ұйымға төлем жүргізеді. Сондай-ақ, ұсынылатын қызметтер көлемінің өзгерістеріне байланысты шарттың құнын көбейту немесе азайту тетігі көзделген. Аудандық ауруханалар тек осы мекемеде медициналық көмек алған сақтандырылған адамдарға ғана төлем алады.

95. Медициналық жабдықтарды қалай және кім сатып алады және бөледі?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізумен тарифтер қайта қаралады. Құрамына, негізгі қордың жаңаруына жұмсалатын шығыстар, яғни амортизациялық салымдар кезең бойынша енгізіледі. Медициналық техниканы сатып алу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, медициналық ұйым 5 млн. теңгеге дейін қажетті медициналық жабдықты өз бетінше сатып ала алады, құны 5 млн.теңгеден 100 млн.теңгеге дейін медициналық жабдықты «Қазмедтех» акционерлік қоғам арқылы лизингіге сатып алуға болады (лизинг төлемдерін өтеумен), ал 100 м астам теңгеге сатып алулар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен бір орталықтан жүзеге асырылады. Одан басқа, медициналық жабдықтарды жеткізушілерден медициналық жабдықтарды жалға алу көзделуде.

96. МӘМС жағдайында медициналық көмектің көлемі қалай жоспарланады?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында медициналық қызметтердің көлемін жоспарлау, халықтың медициналық көмек түрлеріне деген қажеттіліктерінің негізінде, Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдар деңгейінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, демографиялық болжамдар және макроэкономикалық модельдер қолданылады, ҚР стратегиялық құжаттарының артықшылықтары және Қордың қаржылық мүмкіндіктері ескеріледі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button