Бас тақырып

086У анықтамасын алу жеңілдейді

Елімізде жұмысқа және оқуға қабылдау кезінде медициналық тексеруден өткеніңді растайтын 086У анықтамасын алу жолы жеңілдетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнұр Айыпханованың айтуынша, алдағы уақытта 086У анықтамасын алу мақсатындағы медициналық тексеру үш кезеңнен тұратын болады. Оған учаскелік терапевт-дәрігердің немесе жалпы практика дәрігерінің кеңесі, психиатр-нарколог кеңесі және флюорография кіреді.

– Учаске бойынша дәрігер 086У анықтамасын беруде қандай да бір ауру түрінен күдіктенетін болса, қосымша тексеру шарасын белгілей алады, – деді ол.

Сондай-ақ, көлікті басқару құқығын алу үшін сұралатын 083 анықтамасы және қаруды алып жүру құқығын беретін 108 үлгідегі анықтама бойынша медициналық тексеруден өту жүйесі де өзгереді. Жаңа өзгерістер Әділет министрлігінде тексеріліп, бір немесе үш айдан соң қолданысқа енгізілмек.

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button