Пікірлер

Бейқамдыққа жол бермейік

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ  бүгінгі телевизиялық үндеуін  – бейқамдыққа жол бермеу жолындағы батыл қадамдардың бірі деп түсінгеніміз жөн.

Елімізде аты жаман індеттің таралуына байланысты төтенше жағдайдың енгізілуіне орай тұрғындар арасында алаңдаушылық байқалып отыр. Мемлекеттік деңгейде қабылданған шараларды қатаң бақылап, қиын сәтте мұқтаж адамдарға демеу беріп, қолдау көрсету біздің басты міндетіміз.  Өкініштісі, кейбір азаматтар төтенше жағдайдың маңыздылығын түсінбей, мамандар берген нұсқаулықтарға әлі де құлақ аспай, түрлі әлеуметтік желідегі жел сөзге еріп жүр. Біз бірінші кезекте, әлемге қауіп төндірген жұқпалы дертке немқұрайлылық танытып, отбасымыздың, ағайын-туыстың, бала-шағаның өміріне қауіп төндірмеуіміз керек. Күн-түн демей індетпен күресіп, дерттің таралмауы үшін тер төгіп жүрген медицина, құқыққорғау органдары, әскери құрылым күштерінің және басқа да сала қызметкерлерінің жұмысына қолдау көрсетіп, қиын-қыстау кезеңде бар жігеріміз мен ынтамызды ортақ мүддеге бағыттауымыз керек.

Біз үлкен мақсат жолында біріксек қана ұлы күшке айналамыз. Сондықтан, осы қиын-қыстау кезеңде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын» уақыт келді.

Біз біргеміз!

Серік ПІШЕНБАЕВ,

Балқаш медициналық колледжінің директоры.

Басқа материалдар

Back to top button