Руханият

Сәті түскен кездесу

Қарағанды қалалық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхананың өлкетану бөлімінің кезекті онлайн кездесуі Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қойлыбай Асанұлының қатысуымен өтті. Ғалым «Өлке тұлғалары» тележобасы аясында «Сөз өнері және ұлттық журналистика» тақырыбын қозғады.

 

Профессор сөз өнерінің құдіреттілігіне тоқталды. Қазақтың кең-байтақ даласындағы тіл тұтастығының сақталуына қатысты авторлығындағы жұмыстарымен таныстырды.

Кездесуге облыстық мұрағаттың директоры Темірғали Аршабеков және Қойлыбай Асанұлының шәкірттері, «Ortalyq Qazaqstan» газетінің журналистері Жәнібек Әлиман, Аяулым Совет қатысты. Сондай-ақ, қалалық кітапхана филиалдарының меңгерушілері мен жас кітапханашылар да онлайн өткен жиынға атсалысып, кеш қонағының ғылыми еңбектеріне, жетістіктеріне тоқталды.

Сөз кезегін алған Темірғали Тілеубекұлы жазушының авторлық кітаптары жайлы айтып өтті. Шәкірттері ұстазының кітап оқуға баса назар аударатыны жайындағы әңгімелері туралы сыр шертті. Қатысқан оқырмандар онлайн кездесудің кейіпкеріне көкейдегі сұрақтарын қойды. Кеш соңында Қойлыбай Асанұлыны сөзіне жазылған «Арқаның алтын аймағы» әні Дәуренбек Әркеновтің орындалуында көрсетілді.

Айткүл ТӨЛЕУХАНОВА,

М. Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхананың бөлім меңгерушісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button