Жас кәсіпкерге қолдау зор

Бүгінгі таңда өз ісін бастағысы келетін жастар жетерлік. Дегенмен, барлығының бірден өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп әкетуге мүмкіндіктері келе бермейді. Сондықтан, мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерге айтарлықтай қолдау шаралары қолға алынуда. Облыстағы барлық қалалар мен аудандар әкімдерінің жас кәсіпкерлерге арналған гранттары – осы сөзімізге айқын дәлел. Жақында Жаңаарқа ауданы әкімінің гранттары тапсырылды.

Осы орайда ауданымызда жастардың әлеуметтік маңызы бар бизнес жобаларын қолдауға арналған аудан әкімінің грантын тапсыру жөніндегі комиссия отырысы өткізіліп, 34 жас кәсіпкер өз жобаларын қорғады. Барлық жобалар жан-жақты талқыланып, арасынан әлеуметтік маңызы жоғары 12 жоба таңдалды. Аптаның басында аудан әкімі Юржан Бекқожин грант иегерлерінің әрқайсын 500 мың теңге көлеміндегі грант сертификаттарын тапсырды.

Қайтарымсыз қаржыға ие болғандар қатарында Райхан Пішенбай, Ернар Сағиев, Нұрдәулет Кәдірбеков, Елдар Қойшыбаев, Әсем Советова, Жалғас Құланов, Аяулы Спатаева, Нұрым Зекенова, Ақнар Бекет, Қымбат Ибраимова, Асхат Әбдікамалов және Зере Сламқожа есімді жас кәсіпкерлер бар. Келешекте олар билік тарапынан көрсетілген қолдауды игі бастамаларын жүзеге асыруда тиімді пайдаланып, ауданымыздың әлеуметтік дамуына үлестерін қосады.

Индира РАХЫМБАЕВА,

аудан әкімінің баспасөз хатшысы.

ЖАҢААРҚА ауданы.