Пікірлер

Әл-ауқатты арттыру жолы

Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ халыққа арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы – мемлекет мүмкіндігінің аясын бұрынғыдан да кеңейтіп, тұрғындардың әл-ауқатын арттыра түсудің тың жолы дәйектелген құжат десек, еш қателеспейміз.

 

Бүгінгі күннің өзекті талабы хақында сөз тарқата отырып, «Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу» деп айрықша атап көрсетті Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көпбалалы және жағдайы төмен отбасыларға мән беру арқылы бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу қажеттілігіне назар аударды. Бұл, әрине, көпшіліктің көңіліне қонымды қадам болары сөзсіз.

Соның аясында елдің барлық аумағындағы секілді Ұлт ұясы – Ұлытауда да қолға алынған әлеуетті әрекеттерге тың серпін берілетін болады. Мәселен, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», сондай-ақ, «2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда айтарлықтай ауқымды жұмыстар атқарылды. Енді Жолдау талабына сәйкес, сол бағыттағы іс-әрекеттер қарқынды бола түсері анық. Мұның бәрі – кемелдене түсу кепілі.

Осы мақсатта «жұмылған жұдырықтай» тас-түйін бола түсу – уақыттың өзі үндеген қажеттілік.

Айна ӘБІЛОВА,

Ұлытау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің меңгерушісі.

Басқа материалдар

Back to top button