КоронавирусРесми

Қарағанды облысында карантиндік шаралар күшейтілуде

Қарағанды облысында 5 шілде сағат 00.00-ден бастап екі аптаға карантин шаралары күшейтілуде: сұлулық салондарының, шаштараздардың, сауда үйлері мен орталықтардың, оларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерінен басқаларына жұмыс істеуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып, Қарағанды – Теміртау, Қарағанды – Абай, Қарағанды – Шахтинск, Қарағанды-Саран, Жезқазған-Сәтбаев қатынастарын қоспағанда, қалааралық облысішілік жолаушылар тасымалы тоқтатылады. Қазақстан өңірлері арасында авиа және теміржол қатынасы жұмыс істейді.

Қоғамдық қалалық көлік бұрынғысынша сағат 06.00 – ден 21.00-ге дейін жүреді. Жолаушылар үшін қауіпсіздік шаралары: маскаларды міндетті түрде алып жүру, антисептиктерді пайдалану талап етіледі.

Жеке көліктің барлық түрлеріне 23.00-ден 05.00-ге дейін жүріп-тұруға тыйым салынады.

Саяжай тұрғындарына қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бау-бақша учаскелеріне шығуға рұқсат берілді.

Азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалардан басқа сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысына тыйым салынды.

Сондай-ақ жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді. Ауданы 500 м2-ден астам өнеркәсіптік тауарлар дүкендері 5 шілдеден бастап тауарларын жеткізу арқылы ғана жұмыс істейді.

Балаларды сауықтыру лагерьлерінің, мектепке дейінгі мекемелердің, балалардың түзету кабинеттерінің, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың қызметіне тыйым салынады.

Екі аптаға СПА-орталықтар, жаттығу залдары, фитнес және спорттық-сауықтыру орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін нысандар жабылады. Бассейндер, аквапарктар қызметіне бұрынғысынша тыйым салынған. Қалалық және қоғамдық жағажайлар жұмыс істемейді.

Барлық ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар және басқалар) жұмыс істемейді.

Діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) жұмысы тоқтатылады.

Барлық бұқаралық іс-шараларды, соның ішінде отбасылық, үйде еске алу іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

Келесі қызметтерге рұқсат етіледі:

– Алдын ала жазылу бойынша медициналық орталықтар;

– дәріханалар, барлық азық-түлік дүкендерін, ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларды қоспағанда, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

– санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтай отырып, ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда келушілер санын 30 адамнан асырмай орналастыра отырып, ашық ауада және үй-жайларда (сауда үйлері мен орталықтарда, бизнес-орталықтарда, әкімшілік ғимараттарда, базарларда, сондай-ақ дүңгіршектерде, донер және т.б. орналасқандардан басқа) қоғамдық тамақтану объектілері. Жұмыс уақыты – 08.00-22.00;

– санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтіп және уақыт бойынша шектеу орнататын екінші деңгейдегі банктерге;

-күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеумен және онлайн-форматта барынша қызмет көрсетумен пошта қызметіне;

-Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қызмет түрлерін барынша онлайн-форматта көрсете отырып, уақыт бойынша 09.00-ден 14.00-ге дейін шектеу қойып ХҚКО қызмет етуіне;

– Бизнес-орталықтар, адвокаттық, нотариалдық, консалтингтік кеңселер, сот орындаушылары, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер және жарнамалық, баспаханалар, букмекерлік кеңселер, айырбастау пункттері, микроқаржылық және микронесиелік ұйымдар, сақтандыру компаниялары, ломбардтар және т. б.;

– үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындар;

-халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілерді (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу, кір жуу, химиялық тазалау және басқалар) уақыты бойынша шектеумен және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып;

– санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып, демалыс үйлері мен аймақтары, санаторийлер мен профилакторийлер (жағажайлар жұмыс істемейді).

Сондай-ақ, санитарлық-дезинфекциялық тәртіпті сақтай отырып, ашық ауада құрылыс жұмыстарына, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы саласындағы қызметке рұқсат етілген.

Аймақ тұрғындарына саябақтар мен гүлзарларда, жағалауларда және басқа да демалыс орындарында ойын-сауық объектілерінсіз бір отбасы мүшелерінен басқа үш адамнан аспайтын топтармен, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып серуендеуге болады.

Ашық ауада жеке жаттығуларға да рұқсат етіледі.

Кәмелетке толмағандар үйден тыс жерде тек ересектермен бірге болуы тиіс.

65 жастан асқан адамдарға қажетсіз далаға шықпауға кеңес беріледі.

Облыс тұрғындары енгізілген шектеулерді сақтауын қадағалау үшін бағбандық бірлестіктер, саябақтар, гүлзарлар және т. б. тәулік бойы патрульдейтін болады. 

Карантиндік шаралардың күшеюіне қатысты ережелермен Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаровтың 2020 жылғы 3 шілдедегі №30 қаулысында толығырақ танысуға болады.

Басқа материалдар

Back to top button