Руханият

Көк тудың желбірегені

Егемен еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін айқындайтын Мемлекеттік рәміздер күнін аудан жұртшылығы онлайн түрде ұлықтап өтті. Аудан әкімі Эльдар Дүйсетаев тұрғындарды айтулы мерекемен әлеуметтік желі арқылы құттықтады.

 

– Елтаңбамыз, Туымыз, Әнұранымыз қазақ елінің барша болмысын, бүгіні мен ертеңін бойына сіңіріп, жүрегімізді мақтанышқа толтырады. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Оның ерекшелігі сол – Отанның өзі нақ осы Тудан, Елтаңба және Әнұраннан бастау алады. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады, – деді Эльдар Дүйсетаев.

Елдігіміздің айқын көрінісі – Мемлекеттік рәміздер туралы аудан кітапханалары мәнді де мазмұнды бейнероликтер дайындады. Қасым Аманжолов атындағы кітапхана ұжымы еңбек күнін көк Туды қолға алып, айбынды Әнұранымызды шырқаумен бастады.

Әлеуметтік желідегі, аудандық жастар ресурстық орталығының парақшасында жастар мәслихатының депутаттары Тілеухан Нұрхан, Думан Жақан, Қуаныш Асқардың Көк туды кең жазиралы алқап арқылы арғымақ атпен алып кетіп бара жатқан бейнеролик пайда болды. Көк туымыз тұғырлы болсын деген ниетпен жасалған көрініс зор қолдауға ие болды.

Сағыныш ӘБІЛ.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button