Руханият

Ойшыл мұрасы – сабақ арқауы

Биыл жаңа оқу жылы «Әділдікке үндеген Қожа Ахмет Яссауи» тақырыбындағы адалдық сағатымен басталды.

Бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық пен сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Яссауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.

Түркі әлемінің дамуындағы Яссауи ролі сөзсіз салмақты. Оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен роль атқарды.

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев «Қожа Ахмет Яссауи Орталық Азияда, оның ішінде, Қазақстанда да барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп атап өткен еді.

Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «Ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.

Бейне-сабақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ, Агенттіктің Youtube арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button