Пікірлер

Бизнес қозғаушы күшке айналады

Бизнестің қанатын кең жайып, еркін тыныстауы үшін мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып отырғаны аян. Кейінгі жылдары шағын кәсіпкерліктің өрісі кеңейіп, бизнеске берілген жеңілдік аз емес. Соның нәтижесінде, бүгінде аймақта бизнес өкілдері күн санап көбейіп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бизнес ахуалды жақсарту үшін тағы да бірқатар нақты тапсырмалар берді. Ол, өз кезегінде, кәсіпкерлікке оң ықпал етері даусыз.

«Келесі жылы ШОБ қызметінің жаңа нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруді тапсырамын. Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке кез келген заңсыз араласуы, бизнесмендер жұмысына кедергі келтіруі мемлекетке қарсы аса ауыр қылмыс деп қабылдануы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сонымен қатар, бизнес-климат та Президент назарынан тыс қалмады. Соның ішінде, бизнестің аяғына тұсау салатын реттеуші жүйедегі салаларға осы орайда реформалар жүргізілетіндігі кәсіпкерлердің ісін ілгерілетуге септігі тиеріне күмән жоқ.

Жолдаудағы кәсіпкерлер үшін жағымды жаңалықтың бірі осы десек, артық айтқандық емес. Ендігі алдағы уақытта бұл тапсырмалар тиянақты орындалып, діттегеніне жетсе, бизнес, расымен де, экономиканың қозғаушы күшіне айналады.

Лиза ШЕКЕН,

жеке кәсіпкер.

Қарағанды қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button