Пікірлер

Өте орынды бастама көтерді

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына Жолдауымен танысып шықтым. Президент елдің көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді дөп басып айтқан екен. Өзім дәрігер ретінде солардың медицина жөніндегі біреуіне тоқталмақпын.

«Үкімет бастапқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін қайта қарауы қажет. Ол барынша мобильді әрі халықтың барлық тобына, оның ішінде ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Шалғай өңірлердегі көліктік медицинаны жаңғырту жөнінде шаралар қабылдау қажет» – деді мемлекет басшысы. Осы салада жұмыс істеп жүрген хирург-дәрігер болғандықтан бұл бастаманың өте орынды екенін айтқым келеді. Өйткені, қабылдау бөлімінің жұмысы басты назарда болатын өзекті мәселе. Ауруға емдеудің алғашқы сатысы осыдан басталады. Сондықтан, осы бастаманың жылдам жүзеге асуын қалаймын. Сонда, халыққа сапалы медициналық көмек беріп, олардың өмірін сақтап қалуға көп мүмкіндік болар еді.

Бауыржан ЕШЖАНОВ,

Көпбейінді аурухана қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button