Жалпы оқыту қорының қаражаты қайда жұмсалады?

Жалпы білім беру қоры көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, сондай-ақ өмірде қиын жағдайға тап болған оқушыларды қолдауға арналған. Әлеуметтік көмекке қаражат жергілікті бюджеттерден бөлінеді.

Қор әр мектепте қалыптастырылады. Қаражатты қалай жұмсау жөніндегі шешімді ата-аналар комитетінің мүшелері кіретін алқалық кеңестер қабылдайды.

Қарағанды облысының қалалары мен аудандарында 2019 жылы жаппай оқыту қорына 1,5 млрд. теңге бөлінді. Өткен жылмен салыстырғанда, шығындар 500 млн. теңгеге артты.

Заң бойынша жалпыға міндетті білім беру қорына жергілікті бюджеттен аударымдардың мөлшері жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасының кемінде бір пайызын құрауы тиіс. Өңірде бұл үлес 2,5%-ды құрады.

1 қазандағы мәліметтерге сүйенсек, бөлінген қаражаттың жартысынан көбі (58,2%) пайдаланылды. Шығындардың негізгі бөлігі тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бұл мемлекеттік қызмет міндетті болып табылады (ҚР БҒМ 13.04.2015 ж. №198 «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы). Бұл мақсатқа 556,8 млн. теңге жұмсалды. Мектеп асханаларында 20 297 бала тегін тамақтанады. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда мың адамға артық. 7 661 оқушы үшін мектеп формасы сатып алынды. Киім сатып алуға 184,4 млн. теңге жұмсалды. Жазғы демалыс кезінде балаларды сауықтыру үшін 120,7 млн. теңге жұмсалды. Бұл көмек түрін 9 847 оқушы алды. 704 оқушыға 10 млн теңгеге қаржылай көмек көрсетілді. Жалпы оқыту қорынан көмек кімге тиесілі:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;

отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;

білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімі бойынша өзге санаттағы оқушылар.

Өз тілшімізден.