Ресми

Заңдылықтың сақталуы – өркендеу жолы

Облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның 2019 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі

Президент Қасым­-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселесіне қатысты бірқатар нақты міндеттер қойды. Мемлекет басшысы тапсырмаларының елеулі блогы «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімінде айтылған және ол Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары үшін әрекет етуге басшылық болды. Облыстың барлық өңірлерінен өкілетті депутаттар тұрғындардың мәселелерін жақсы біледі және біздің ортақ үйіміздің өркендеуіне өз үлесін қосуға мүдделі.

Қарапайым азаматтардың проблемалары шеші летін, өзекті және өткір мәселелер жарияланып, қағидатты түрде талқыланатын біріктіруші алаң заңдылық пен азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия болып табылады. Ол өз жұмысына азаматтық қоғамның барлық белсенді өкілдерін тартады.

Комиссия отырыстарында қаралатын мәселелер ауқымы кең және жан­жақты тәсілдерді талап етеді. Сондықтан, тұрақты комиссияның сапалық құрамы маңызды фактор болып табылады. Олар әр салада жұмыс істейтін, өз міндеттерінің түрі бойынша сайлаушылардың проблемалары мен қажеттіліктерін күн сайын шешетін, жеткілікті кәсіби, қоғамдық және өмірлік тәжірибесі бар депутаттардан тұрады.

2019 жылы тұрақты комиссияда мүгедектерді жұмысқа орналастыру кезінде олардың құқықтарын сақтау, белгілі бір тұрғылықты жері және құжаттары жоқ тұлғаларды орналастыру, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуы мен бос уақытын қамтамасыз ету, құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл мәселелері және облыс тұрғындарын толғандыратын басқа да мәселелер қаралды.

Мысалы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің тікелей қатысуымен жұмысқа орналасу кезінде мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдар жұмысының жайкүйін талқылау қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мүгедектігі бар жұмысқа орналастырылған адамдарды тек мүгедектік топтары бойынша ғана емес, сондай­ақ, білімі мен алған мамандығы (кәсібі) бойынша жалпы облыс және өңірлер бөлінісінде мәліметтер бере отырып, есепке алу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл шара облыстық білім басқармасымен өзара іс­қимылда мүгедектігі бар адамдар үшін белгілі бір мамандықтарға қажеттілікті қайта қарау бойынша шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік қызметтер орталығы» ЖШК мен «Үміт сәулесі» мүгедек балаларға көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолайлы орта құру және оларды белсенді өмірге тарту бойынша облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар болуын арттыру үшін жұмысқа орналастыру туралы арнайы әлеуметтік роликтер түсіру туралы ұсыныстарды қарау жөнінде шешім қабылданды.

Құқық қорғау, атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдар басшыларының қатысуымен белгілі тұрғылықты жері және құжаттары жоқ адамдарды орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қаралды.

Белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдардың барлығы қылмыстық элементтер емес. Олардың басым көпшілігі – белгілі бір себептерге байланысты.

Халық және депутат күрделі өмірлік жағдайға тап болғандар. Осыған байланысты, тұрақты комиссия Қарағанды қаласының әкіміне ақпараттық хат жолдады, онда қысқы уақытта үйсіз адамдарды орналастыру мәселесі өткір тұрғандығы айтылды. Қарағанды қаласында белгілі тұрағы жоқ адамдардың түн мерзімінде болу бөлімшелерін ашу арқылы орын жетіспеушілік мәселесін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді. Мұндай бөлімшелер Қазақстанның 11 өңірінде жұмыс істейді.

Қарағанды қалалық полиция басқармасының қабылдау­бөлу орнында орналасқан тұлғалар санының айтарлықтай өсуі кезеңінде арнайы жыл жымалы флюорографиялық қондырғы қызмет терін көрсету, сондай­ақ, бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша шарттардың қолданылу мерзімін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Уақытша болу жағдайында азаматтарға медициналық және психологиялық көмек, сондай­ақ заң герлік консультация беру, тиісті жеңілдіктер мен жәрдемақыларды ресімдеу, құжаттарды қалпына келтіру, білім алуға және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу ұсынылады.

Депутаттар Қарағанды облысында құқық тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі, бұл – тұрақты комиссия қыз метінің тағы бір бағыты, оның отырыстарында жарты жылда бір рет құқық қорғау органдары бас шыларының есебі тыңдалады.

Депутаттар проблемаларға терең бойлап, көмек көрсетуге, оларды шешуге, қоғам өзін қауіпсіз сезінуі үшін не өзгерту керек екенін анық тауға тырысады. Тұрақты комиссияның отырыс тарында бюджеттің атқарылуы жөнінде бағдар ламалардың әкімшілерін тыңдайды, жаңа кезеңге бюджетті қалыптастыру барысында жергілікті полиция қызметін материалдықтехникалық қамтамасыз ету, жұмысқа қолайлы жағдай жасау, қызметкерлердің еңбекақы төлеу және әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Ел Президенті азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтудің басты факторларының бірі ретінде мемлекет пен қоғамның дамуына қауіп төн діретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күресті атады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы бағытта нақты міндеттер мен оларды шешу жолдарын анықтап берді.

Азаматтық қоғамның барлық институттары мен азаматтардың өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған қозғалысқа белсенді қатысуынсыз оған қарсы күресте елеулі нәти желерге қол жеткізу қиын болатыны анық.

Бұл жұмысқа заңдылық пен азаматтардың құқықтары жөніндегі комиссия да өз үлестерін қосуда.

Қауіпті аймақ бұрынғысынша, біздің қоғамның күнделікті өмірі саласындағы – жоғары білім алу, жұмысқа тұру, қызмет көрсету және басқа да салаларда сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі болып қала беруде.

Мысалы, комиссия отырыстарының бірінде жоғары оқу орындарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы қаралды. Жұмыс білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жасалған меморандум негізінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимыл агенттігінің департаментімен бірлесіп құрылған. Облыстың жоғары оқу орындары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартияға» қол қойды. «Адал білім» жобасы аясында ЖОО­да сыбайлас жемқорлық проблемаларын терең зерделеу бойынша қадамдар жасалуда. Аталған жоба аясында ЖОО­да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы жасалып, оларды анықтау және жою бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Депутаттар «мемлекеттің қоғамға қызмет етуі» қағидаты бойынша мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы ашықтығын, айқындылығын және есеп берушілігін арттыруға дәйекті түрде қол жеткізуде. Барлық күш­жігер қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, құқықтық сананы және «мүлдем төзбеушілікті» қалып тастыруға бағытталады. Тұрақты комиссия мүшелері өздерінің сайлау округтерінде айтарлықтай жұмыс жүргізеді, азаматтарды қабылдайды, өтініштер мен шағымдарды қарайды, өз құзыреті шеңберінде сайлаушылардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдеседі, тиісті ведомстволарға олардың орындалуы бойынша пәрменді шараларды қабылдау үшін сауалдар мен хаттарды уақытылы жібереді.

Есепті мерзімде комиссия мүшелері сайлаушылармен 11 кездесу өткізді, 9 рет халық жиынына қатысты, 94 өтініш қарады, 65 азаматтың жеке қабылдауларын өткізді, 28 сұраныс пен хат жолданды, олардың көпшілігі өзінің оң шешімін тапты.

Депутаттар облыстың қоғамдық­саяси өмірінен тыс қалмайды, семинарларға, «дөңгелек үстел дерге», көшпелі отырыстарға, теледидар хабарларына белсенді қатысады, жұмыс топтарының құрамында өңірлерге барады, Президенттің Жолдауы және мемлекеттің бағдарламалық стратегиялық құжаттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекет басшысы негізгі басымдықтарды айқындап берді және депутаттар, облыстық мәслихаттың заңдылық пен азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері алға қойылған міндеттерді жүйелі әрі сапалы орындау ісіне өздерінің бар күш­жігерін салады.

Жанна ШТЕРГЕР,

облыстық мәслихаттың депутаты, заңдылық және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button