Жаңалықтар

Құқық. Бостандық. Мүдде

Құқықтық актілер өте көп және әртүрлі, олар әртүрлі органдармен әртүрлі уақытта, әртүрлі кеңістік шегінде және де әртүрлі себептер бойынша қабылданады. Мұндай жағдай кейде өзара қайшылықта болатын әртүрлі деңгейдегі қолданыстағы құқықтық актілердің жаратылысына әсерін тигізбеуі мүмкін емес.

Нормативтік-құқықтық актілерде қоғамның жағдайы, жаңа шарттар мен талаптарға заңнаманы сәйкес келтіре отырып оның жылдам қарқынын реттеу міндетін ерекше өткір қоятын даму ерекшеліктері кескінделетіні құпия емес. Бұл ретте, Конституциямен бекітілген азаматтың құқықтары мен бостандықтары мызғымас берік болып қалуы тиіс.

Министрліктер және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының деңгейінде қабылданатын нормативтік-құқықтық актілердің заңдылығын қамтамасыз етудің бір инструменті олардың мемлекеттік тіркеуі болып табылады деп пайымдаймыз. Мемлекеттік тіркеу үдерісінде уәкілетті органдармен қабылданған нормативтік-құқықтық акт әділет органымен қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі мәніне тексеріледі және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне нұқсан келтіруді болдырмау мұндағы негізгі мақсат болып табылады.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылында Қарағанды облысы әділет департаментімен мемлекеттік тіркеуге келіп түскен 315 нормативтік-құқықтық актінің 237-сі тіркелді, қолданыстағы заңнаманы бұзудың орын алуына байланысты 6-на қатысты тіркеуден бас тарту туралы қорытынды шығарылды, әзірлеуші органдар 51 нормативтік-құқықтық актіні пысықтау қажеттілігіне байланысты кері қайтарды. Нормативтік құқықтық актілерді қараудағы және қабылдаудағы асығыстық, жобаларды әзірлеу мен келісу рәсімдерін бұзу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың заң қызметтерінің жеткіліксіз жұмысы оларды тіркеуден бас тарту және пысықтауға қайтарудың негізгі себептері болып табылды.

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін қамтамасыз ететін тағы бір институт ол олардың құқықтық мониторингі. Әділет департаменті министрліктің тапсырмасы бойынша тіркелген нормативтік-құқықтық актілерінің барлығына тұрақты түрде камералды бақылау жүргізіп отырады. Ағымдағы жылы камералды бақылау барысында 180 нормативтік-құқықтық актінің талапқа сәйкес келтіруді қажет ететіні анықталды. Департаментпен енгізілген хаттар, сондай-ақ ұсыныстарды қарау нәтижесінде, 135 нормативтік-құқықтық акті қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілді және жауапты тұлғалар өз лауазымды міндеттеріне немқұрайлы қарағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Одан басқа тексеру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғалардың заңсыз нормативтік-құқықтық актілерді қолдану фактілері анықталды, соның нәтижесінде олар заңнамамен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биылғы жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы құқықтық актілерді әзірлеумен, ұсынумен, талқылаумен, қабылдаумен, тіркеумен, қолданысқа енгізумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Қолданысқа енгізілген заңмен енді облыстардың тексеру комиссияларының нормативтік-құқықтық қаулылары тіркеуге жатады. Бұл ретте мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі кеңейтілген, атап айтсақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын және мемлекеттік құпияларды қамтитын актілерді қоса алғанда келесілер мемлекеттік тіркеуге жатпайды:

уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік-құқықтық актілер;

мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік-құқықтық актілер;

мемлекеттік лауазымға орналасуға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейтін және үлгілік біліктілік талаптары негізінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер.

Одан басқа, заңнамалық актімен нормативтік-құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуді жою жөнінде жаңа институт айқындалған. Ол тіркелмеген, уәкілетті органдармен құқықтық мониторинг нәтижесінде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірмеген нормативтік-құқықтық актілерге қатысты шара қабылдау бойынша әділет органдарының құзыретін көздейді.

Сонымен, біздің мемлекетімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғаудың заңды түрде бекітілген және тиімді іске асырылатын инструменттер бар екендігін атап өту қажет деп санаймын.

Бұл ретте, азаматтардың негізін қалаушы құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған заңнама тұрақты жетілдіріліп отырады. Осындай қадамдардың соңғысы Әділет министрлігімен әзірленген және кең шеңберде талқыланып жатқан, құқықтық тәртіпті, мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтардың құқығын барынша тиімді жолмен қорғауды мақсат қоятын «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңның жобасы болып табылады.

А.ИЗАТОВ,

Қарағанды облысы

әділет департаментінің

бөлім басшысы,

«Қазақстандық заңгерлер одағы» РҚБ

Қарағанды филиалының мүшесі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button