Қарқаралы

Тиімді қызмет – басты міндет

Қарқаралы аудандық ауруханасының ішінен отбасылық денсаулық орталығы ашылды. Бүгінгі таңда орталық мамандары қызу жұмысқа кірісті.

Жаңа орталықтың тиімділігі – барлық жұмыс процестері бір жерге топтастырылған. Орталыққа келген тұрғындар зертханаларға қажетті түрлі сынамаларды тапсырып, рентгенге түсу үшін, өзге де кабинеттерге кіру үшін бұрынғыдай әр кабинеттің алдындағы ұзынсонар кезекте отырмайды. Арнайы қойылған терминалдан талон алады. Және емделушілерді әуреге салмау мақсатында екпе салу, ем алу кабинеттері, анықтамалар мен уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасын беру бөлімі бір жерде орналасқан. Терапевт, педиатр дәрігерлерге берілген талон бойынша кіресіз. Аудандағы денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар мұнымен шектелмейді.

Алдағы уақытта аурухана ішінен гемодиализ орталығы ашылмақ. Яғни, есепте тұрған 14 емделуші келешекте қажетті ем-домын аудан орталығынан-ақ ала алады.

Сағыныш ӘБІЛ

Басқа материалдар

Back to top button