Теміртауда тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

Теміртау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырудың екі оқиғасы тіркелді. Олар бұрын індет жұқтырған адаммен байланыста болған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

«1972 және 1973 жылы туған әйелдердің коронавирус жұқтырғаны расталды. Олар вирус анықталған кезде карантиндік госпиталда болды.  

Бүгінгі таңда облыста инфекцияның 101 жағдайы тіркелді, оның біреуі қайтыс болды, 15 науқас жазылып шықты.
Қарағанды қаласында – 47 жағдай;
Теміртау қаласында – 33 жағдай;
Шахтинск қаласында — 7 жағдай;
Саран қаласында — 1 жағдай;
Бұқаржырау ауданында — 1 жағдай;
Шет ауданында — 1 жағдай;
Басқа облыстан — 11 жағдай». — делінген хабарламада.