Тұма жырлар — түрік тілінде

Жерлесіміз, «Құрмет» орденінің иегері, ақын Ғалым ЖАЙЛЫБАЙДЫҢ «Жаңғырық» атты өлеңдер мен поэмалар жинағы түрік тіліне аударылып, кітап болып басылып шықты. Жақында ғана алпысқа толған ардакүрең ақынның мерейтойы Қарағандыда халықаралық поэзия фестиваліне ұласқанын білесіздер. Сол поэзия кешінің соңын ала жеткен осындай сүйіншілі хабарды бөліспекпіз.


Абай атындағы Ұлт сыйлығының лауреаты, Ресей Жазушылар одағының Сергей Есенин атындағы алтын медаль иегері, ақын Ғалым Жайлыбайдың түрік тіліне аударылған өлеңдер мен поэмалар жинағы жалғанның жарығына Еуразия жазушылар ұйымының игі бастамасымен келіп отыр. Ақынның «Жаңғырық» атты жинағын қазақшадан түрік тіліне Нергиз Бирай, Екрем Аян, Камила Кинақи секілді түрік аудармашылары тәржімалапты. Қарапайым халқымыздың табиғатындай қоңыр иіс сіңген ақынның тұма жырларының Түрік оқырмандарымен қауышқаны – қазақ әдебиетінің жетістігі һәм олжасы.
Ұлт руханияты көкжиегінің кеңігені болса, бір жағы – жерлестерінің мақтанышы. Ел мен жерге бірдей ортақ қуаныш құтты болсын, ендеше!

Ербол ЕРБОЛАТ.

Комментарии:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.