Поэзия

Ширек ғасыр ел шебінде тұрсыңдар

Уа, ұлтымның қорғаны,

Басымызға бейбіт

заман орнады.

Ұлты Ұлы Далада өскен ұланның,

Халқы – қара орманы!

Сұңқар да бір, сен де бір,

Даңқың асқақ Алаш дейтін елге бұл!

Ширек ғасыр ел шебінде тұрсыңдар,

Сендерге от кештірмесін енді өмір.

Қолдарыңда қару бар,

Көздеріңде жалт-жұлт еткен жалын бар!

Жанып-күйген фәни құстай халқымның,

Азаттығын аман алып қалыңдар!

Сендерге сол аманат,

Алаш дәурен сүрсін

жерде ғаламат!

Елге сәуле төксін аппақ

күн нұры,

Алтай, Арқа,

Алатауды аралап.

Атқан таңмен таласқан,

Аппақ болып қалсын солай ақ аспан.

Бақ кетпесін мынау

байтақ даламнан,

Құт кетпесін Алаштан!

Рауан ҚАБИДОЛДИН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button