Басты тақырыпСпорт

Сарбаздар сайысқа түсті

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімінің спорт алаңында шағын футболдан Елорданың 18 жылдығына арналған жарыс өтті. Сайысқа әскери құрамалардан 4 команда қатысты.

Айналмалы жүйе бойынша ұйымдастырылған жарыста әр команда басқа командалардың барлығымен кездесу мүмкіндігін иеленді. Сарбаздар шиеленісті жағдайда өткен ойындар барысында төзімділік пен табандылық үлгісін таныта білді.

Түпкі нәтижеде І орынды «Қостанай-Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері бас штабының командасы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынға 31775 әскери бөлімінің сайыпқырандары табан тіреді. Ал, 36352 әскери бөлімінің командасы ІІІ орынды қанағат тұтты. 

Жарыс жеңімпаздарына «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының кубогі табыс етіліп, жүлдегерлер мақтау қағазымен марапатталды.

Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Суретті түсірген автор.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button