Бас тақырыпРесми

ҚР Президентін ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Кезектен тыс Президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2019 жылдың 12 маусымына белгіленді. Бұл туралы  Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Қаулысында айтылған.

 


2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындыларын анықтау туралы

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 3-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 9-бабының 1-тармағына, 12-бабының 10) тармақшасына, 44-бабының 1 және 5-тармақтарына, 45, 46-баптарына, 65-бабына және 66-бабының 1-тармағына сәйкес және қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері туралы облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының сайланған Президенті болып саналсын. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты жақтап 6539715 (алты миллион бес жүз отыз тоғыз мың жеті жүз он бес) дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді.

2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып тіркелсін.

3. Тіркелген Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті куәлік тапсырылсын.

4. 2019 жылғы 9 маусымдағы кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2019 жылғы 12 маусым болып айқындалсын.

5. 2019 жылғы 9 маусымда болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қосымша…

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

Төрағасы                                                                                   Б. Имашев

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясының

хатшысы                                                                                   С. Мұстафина

Нұр-Сұлтан қаласы,

2019 жылғы 10 маусым

№ 42/277

Басқа материалдар

Back to top button