Бас тақырыпПриозерск

Приозерск қаласында оқу-өлкетану мұражайы ашылды

Приозерск қаласындағы  №2 мектепте оқу-өлкетану мұражайы ашылды. Енді оқушылар туған қаласының өткен тарихымен етене таныса алады. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мектеп мұражайы үш бөлімнен тұрады: «жыл жаңғырығы», «туған қаласының тарихы», «Туған өлкенің флорасы мен фаунасы». Жәдігерлер Приозерск қаласы мен оның құрметті азаматтары туралы баяндайды. Мұражайдың ең маңызды экспозицияларының бірі – «Ардагерлер – біздің мақтанышымыз» деп аталады. 
«Туған қаласының тарихы» бөлімінде Приозерск қаласының ғимараттары мен құрылыстары бейнеленген 60-90 жылдардағы ескі фотосуреттерді көруге болады. 
Экспозицияның жеке бөлігі – мектептің тарихы. Сонымен қатар «туған өлке табиғаты» бөлімінде оқушылар Балқаш көлінің ерекшеліктерімен, флорасымен және фаунасымен таныса алады.
Мұражай Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына сәйкес құрылды. Онда Тұңғыш Президент Отан өз үйіне, ауылына, қаласына және туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатынын атап өтті. 
Мектеп мұражайы оқушыларға зерттеу жұмыстары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, отандық мәдениетке деген қызығушылықты және өткен ұрпақтың адамгершілік құндылықтарына құрметпен қарауды қалыптастыруға көмектеседі. Мұражай тек ерекше оқу кабинеті ғана емес, ашық білім беру кеңістігінің тәрбие орталықтарының бірі болуы тиіс.

Басқа материалдар

Back to top button