Қос жұлдыз – қос батыр!

 

(Кеңес Одағының Батырлары Қазыбек Нұржанов пен Нұркен Әбдіровтің 100 жылдық мерейтойына)

Сөзі мен әні: Боташ НОҒАЕВАНІКІ

Қан майдан төсі – сұрапыл соғыс торлаған,

Қасірет-қайғы, жүректі дерттер жаулаған.

Елімнің есіл ерлері  қару асынып,

Жасқанбай жаудың отынан жерін қорғаған.

 Қайырмасы:

Көгінде қыран,

Самғайды ұлан,

Қайрат-күш берген кең далам.

Ұлдары – тарлан,

Қыздары – арман,

Өмірін арнар тек саған!

Көрсем деп көркем, Отанның жарқын ертеңін,

Бақытқа жеткен ұл-қыздың өскен өркенін.

Намысын елдің қорғаған бақыт таңы үшін,

Мақтаныш маған айбынды Қазыбек, Нұркенім!

Қайырмасы:

Біреуі жерден,

Біреуі көктен,

Тойтарыс берген жауына.

Ерлігі – дастан,

Тірлігі – жастан,

Өнеге-үлгі бауырға.

Қос жұлдыз көкте, қос батыр қайсар халқының,

Бабалар үнін дәріптеу  ұрпақ салтының.

Ғасырлар бойы жүректе мәңгі сақталар,

Қаһарман ерлер!

Жыр-әнім менің жатталар!

Қайырмасы: