«Орталық» – оқырманымен

Сіздің қолыңызда – газеттің келесі саны. Облыстың тіршілігімен танысып отырған боларсыз. Енді, елдің еншісіне – тағы бір сый. Ол – басылымның жаңа сайты.

Газет те түрленеді, жаңарады. Уақыттың талабына сай. Бірақ, өткенмен байланыс үзілмейді. Болашаққа да бірге көз саламыз. Сіз бен біз. Бастысы, біз оқырманның сұранысын, талғамын жіті назарда ұстаймыз. Әдеттегідей!

Кешелі-бүгінді газеттің сайты жаңарды. Қара шаңырақтың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында. Ақпараттан уақытылы құлағдар боламын десеңіз, сайт­қа зер салыңыз. Сондай-ақ, авторларымыздан көлемді мақалалар да келіп түсіп жатады. Қағаз бен қаражатты, шығынды үнемдеу үшін сайтқа басымдық беруді жөн көрдік. Түсінерсіз.

Ақпарат та уақыт сияқты. Күтпейді. Шындықты, шапшаңдықты талап етеді.

www.ortalyq.kz – міне, осы мекен-жайды терсеңіз, Сізді «Орталықтың» жаңарған сайты күтеді. Тың ақпаратпен бөліседі. Ақылы негізде жарнама беремін десеңіз де, мархабат. Ал, сайттың ескі нұсқасын іздесеңіз, сайт бетінің төменгі жағындағы сілтемеге жүгініңіз.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.