Бас тақырыпРесми

Назарбаев: “Қарағанды мен үшін туған өңір, туған қала”

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағандының өз өміріндегі рөлі жайлы айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы осы қаланың өміріндегі ең маңызды болғанын айтады. 

“Өмірімнің 20 жылын осында өткіздім. Еңбек өтілімді осында шыңдап, қазір кім болғаным осыған байланысты: достарым мен басқасын да осыннан таптым. Мұнда таныстарым өте көп. Қарағанды мен үшін туған өңір, туған қала”, – деді Президент. 

“Қарағанды еліміздің индустриялық орталықтарының бірі болғандықтан, мен әрдайым оған назар аударып отырамын”, – деді ол.

  Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Сапар барысында Қазақстан Президенті бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button