Жаңалықтар

«Ән шырқаймын саған, Қарағанды» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

«Ән шырқаймын саған, Қарағанды» дәстүрлі шығармашылық байқауы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналып отыр. Қатысушылар соғыс және бейбітшілік туралы әндерді әуелетеді.

Байқау «Біз – қарағандылықтармыз» фестивалі аясында ХХІ мәрте өткізілуде. Қатысуға кәсіби әртістер мен әуесқойлар шақырылады.

Ұйымдастыру комитеті өтінімдер 1320 маусым аралығында қабылдайтынын жариялады. Қатысушылар орындайтын әнінің дыбыстық жазбасын немесе аудио/бейне нұсқасын ұсынуы қажет.
Байқауға қатысуға өтінімді фестивальдің сайтынан жүктеп алуға болады
Кәсіби қазылар алқасы іріктеу кезеңі нәтижесімен 10 үздік қатысушыны ақтық мәреге өткізеді. Үздік орындаушылар гала-концертте өнер көрсетеді. Олардың ішінен Гран-при иегері мен жүлдегерлер анықталады.

Өтініштер мен аудио және бейнематериалдар WhatsApp – +7-701-377-42-11 нөміріне (Жауапты тұлға – Аида) қабылданады.

«Қарағанды облысының кәсіпкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және Қарағанды академиялық музыкалық комедия театры.

 

Басқа материалдар

Back to top button