Жаңалықтар

“Нұрлы жерден” – жаңа пәтер

Университет қызметкерлері, мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері баспаналы болды. Бұл – Қазақстандық ипотекалық компания мен салалық министрліктер арасындағы меморандум аясында берілген қаладағы алғашқы баспаналар.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының әлеуметтік бастамаларын іске асырудың арқасында еліміздің көптеген азаматтары тиімді шарттармен баспана алуда. Жыл басынан бері 54 дәрігер «Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алды. Бүгін біз Қарағанды қаласының білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне табыстап отырмыз», – деді «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин.

Сөйтіп, 21 отбасыға пәтер берілді. Олар жалдамалы тұрғын үй үшін әр шаршы метріне айына 1232 теңге мөлшерінде төлейтін болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button